Ұлытау облысында пәтер өртеніп, құтқарушылар төрт бала мен үш ересекті қауіпсіз жерге шығарды
© Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысының Қаражал қаласында көпқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Құтқарушылар үшінші қабаттағы тұрғындарды баспалдақпен төмен түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 26 қарашада таңертең таратқан мәліметінше, өрт Тойымбеков көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйде болған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жеткен.
"Құтқарушылар оқиға орнына жеткен бойда барлау, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына кірісті", – делінген хабарламада.
Құтқарушылар үш буынды жылжымалы баспалдақтың көмегімен үшінші қабаттан жеті адамды, оның ішінде төрт баланы қауіпсіз жерге шығарды. ТЖМ-ге зардап шеккендер туралы хабар түспеген.
Бұдан бір күн бұрын, 25 қарашада, Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шыққан еді. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері өртті сөндіруді қиындатқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:51, 26 қараша 2026
Қазақстанда кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін таңбалау ұсынылды
-
09:43, 26 қараша 2026
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескертті – 26 қарашада Қазақстанның 13 өңірінде жаңбыр мен қар жауады
-
09:32, 26 қараша 2026
Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
-
09:21, 26 қараша 2026
Ақтөбеде ауладағы шуға ашуланып, жасөспірімді ұрған ер адамға үкім шықты
-
09:08, 26 қараша 2026
«Қазгидромет» алматылықтарға ауаның ластану қаупі туралы ескертті





