Шанхайда өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық шорт-трекшілер белгілі болды

21:01, 25 қараша 2026
MKZ: 1579754

© Сурет: olympic.kz

27-29 қараша аралығында Қытайдың Шанхай қаласында шорт-тректен Әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық додада Қазақстан намысын 11 спортшы қорғайды.

Ерлер: Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас, Әділ Ғалиахметов.

Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан, Полина Омельчук.

Шанхайдағы жарыстан кейін қазақстандық шорт-трекшілер Бейжіңге жол тартады. Онда 4-6 желтоқсан аралығында әлем кубогының бесінші кезеңі өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!