Қазақстанның алты өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады: 25 қарашаға арналған жол болжамы
© Сурет: Telegram/qazavtojol
Бүгін, 2026 жылғы 25 қарашада Қазақстанның бірден алты өңірінде ауа райы қолайсыз болады деп күтілуде. Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі жүргізушілерді тасжолдарда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәрсенбіге арналған жол болжамына сәйкес, мына өңірлерде қар аралас жаңбыр мен қар жауады:
- Ақтөбе облысында;
- Атырау облысында;
- Қостанай облысында;
- Батыс Қазақстан облысында;
- Шығыс Қазақстан облысында;
- Абай облысында.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы нашарлап, жол жабығы тайғақ болуы мүмкін", – деп ескертті мамандар.
Осыған байланысты жүргізушілерге:
- ауа райы жағдайын ескеру;
- қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
- жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдау;
- көлікті күрт бұрмау ұсынылады.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 25 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қар, көктайғақ, жаңбыр және қалың тұманға байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:04, 25 қараша 2026
Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
-
10:04, 25 қараша 2026
Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
-
09:54, 25 қараша 2026
Жалған қайғысын пайдаланып, әйелдің үйі мен қомақты ақшасын иемденіп алған
-
09:38, 25 қараша 2026
Қостанайда жұмысшыны ор ішінде топырақ басып қалды: кінәлі адамға қандай жаза тағайындалды
-
09:23, 25 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді





