Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
© Фото: Zakon.kz
Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты. Олардың бірі – кәмелетке толмаған бала. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 26 қарашада Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өрттің неден шыққаны және адамдардың қаза табу себептері анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Өрт 26 қарашаға қараған түні болған. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 112 нөміріне өрт туралы хабар сағат 03:44-те түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақыртудан кейін төрт минутта оқиға орнына жеткен. Ол кезде үйді жалын шарпып, өрт қатты лаулап тұрған.
Өрт сөндірушілер сағат 04:42-де өртті толық сөндірді. Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:51, 26 қараша 2026
Қазақстанда кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін таңбалау ұсынылды
-
09:43, 26 қараша 2026
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескертті – 26 қарашада Қазақстанның 13 өңірінде жаңбыр мен қар жауады
-
09:21, 26 қараша 2026
Ақтөбеде ауладағы шуға ашуланып, жасөспірімді ұрған ер адамға үкім шықты
-
09:15, 26 қараша 2026
Ұлытау облысында пәтер өртеніп, құтқарушылар төрт бала мен үш ересекті қауіпсіз жерге шығарды
-
09:08, 26 қараша 2026
«Қазгидромет» алматылықтарға ауаның ластану қаупі туралы ескертті





