Қазақстанда кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін таңбалау ұсынылды
© Сурет: pixabay
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тұтынушылық қаптамадағы кондитерлік өнімдердің жекелеген түрлерін таңбалау және қадағалау қағидаларының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба Қазақстан аумағында мұндай өнімдерді сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және олардың айналымын қадағалау тәртібін айқындайды.
Жаңа қағидалар тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Елге тауар жеткізу тізбегі ашық бола түседі, бұл мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің артуына ықпал етеді деп күтілуде.
Таңбалаудың негізгі мақсаттары:
- Тұтынушылар үшін – сатып алатын кондитерлік өнімдері туралы толық ақпарат беру және оларды контрафактілік өнімнен қорғау.
- Кәсіпкерлер үшін – кәсіп жүргізуде тең бәсекелестік жағдай жасау, нарықты заңсыз өнімнен қорғау және зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
- Мемлекет үшін – көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту және бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайту.
Жобаны әзірлеуге "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның ережелері, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2026 жылғы 13 наурыздағы шешімі және ҚР сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы бұйрығы негіз болды.
Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатты қоғамдық талқылау 9 желтоқсанға дейін жалғасады.
Бұған дейін Қазақстанда тұрмыстық газ баллондарына таңбалау енгізілетіні туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ елімізде 2027 жылғы сәуірден бастап өсімдік майлары да таңбалана бастайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:05, 26 қараша 2026
Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті
-
09:43, 26 қараша 2026
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескертті – 26 қарашада Қазақстанның 13 өңірінде жаңбыр мен қар жауады
-
09:32, 26 қараша 2026
Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
-
09:21, 26 қараша 2026
Ақтөбеде ауладағы шуға ашуланып, жасөспірімді ұрған ер адамға үкім шықты
-
09:15, 26 қараша 2026
Ұлытау облысында пәтер өртеніп, құтқарушылар төрт бала мен үш ересекті қауіпсіз жерге шығарды





