«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескертті – 26 қарашада Қазақстанның 13 өңірінде жаңбыр мен қар жауады
© Сурет: Telegram/qazavtojol
Бүгін, 2026 жылғы 26 қарашада, Қазақстанның 13 өңірінде күн райы бұзылады. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі жолдағы жағдайға қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, бейсенбіде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
Республикалық маңызы бар автожолдардың кей учаскелерінде көріну қашықтығы қысқарып, жолдың жүру бөлігі тайғақ болуы мүмкін.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ауа райын ескеруді, алдыңғы көлікпен қауіпсіз арақашықтық сақтауды, жылдамдықты жолдың жағдайына қарай таңдауды және күрт маневр жасамауды ұсынады.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты 1403 нөмірі арқылы тәулік бойы алуға болады", – деп еске салды компания.
Бұған дейін синоптиктер 26 қарашаға Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:05, 26 қараша 2026
Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті
-
09:51, 26 қараша 2026
Қазақстанда кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін таңбалау ұсынылды
-
09:32, 26 қараша 2026
Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
-
09:21, 26 қараша 2026
Ақтөбеде ауладағы шуға ашуланып, жасөспірімді ұрған ер адамға үкім шықты
-
09:15, 26 қараша 2026
Ұлытау облысында пәтер өртеніп, құтқарушылар төрт бала мен үш ересекті қауіпсіз жерге шығарды





