Шетелдіктер Қазақстанға қандай ауруларды емдету үшін келе алады
© Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2026 жылғы 25 қарашада Құрылтайда өткен брифингте Қазақстанда медициналық туризмді қалай дамыту жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тимур Сұлтанғазиев медициналық туризмді денсаулық сақтау жүйесіне инвестиция тартудың, сондай-ақ медициналық ұйымдардағы мамандардың біліктілігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартудың перспективалы бағыты деп атады.
"Біз нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз етіп, заңнамаға алғаш рет "медициналық туризм", "медициналық турист" деген қажетті ұғымдарды енгізіп жатырмыз. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі, туристік агенттіктер мен операторлардың жауапкершілігі мен функцияларын пысықтап жатырмыз. Заңнама аясында Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде республикалық үйлестірушіні белгілеу қажеттігін қарастырамыз", – деді ол.
Спикердің айтуынша, елге келетін медициналық туристердің барлығын есепке алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформа құру тетігі де пысықталып жатыр.
Бұл платформаны шетелде қазақстандық медициналық қызметтерді ілгерілету үшін пайдалану жоспарланған. Онда шетелдіктерге арналған клиникалар, медициналық қызметтер мен арнайы пакеттердің тізімі болады.
Сонымен қатар Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда қазірдің өзінде белгілі бір медициналық база қалыптасқанын атап өтті.
"Біздің еліміздегі 10 клиника JCI (Joint Commission International) аккредитациясынан өткен. Бұл – әлемдегі сапаның алтын стандарты. Олар негізінен онкология сияқты жоғары технологиялы медициналық қызметтер көрсетеді. Орталық Азияда протондық терапия орталығы бізде ғана бар. Онда онкологиялық ауруларды емдеудің бірегей әдістері қолданылады. Қазақстанның табиғи жағдайын ескерсек, сауықтыру туризмінің де әлеуеті зор. Бізде таулар, өзендер, ормандар және тиісті санаторийлер бар. Қазақстан өз орнын табады деп ойлаймын", – деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 25 қараша 2026
Абай облысындағы арнайы мектеп-интернат 10 ай бойы күзетсіз қалған
-
17:13, 25 қараша 2026
Елімізде медициналық туризм дамыса, стоматологиялық қызметтер қымбаттай ма
-
17:13, 25 қараша 2026
Қазақстанда медициналық туризм дамыса, стоматологиялық қызметтер қымбаттай ма
-
17:08, 25 қараша 2026
Қазақстандық дзюдошылар кадеттер арасында Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
-
16:59, 25 қараша 2026
Қазақстанда әскери қызметші зейнетке шығу құқығын сот арқылы қорғады





