Қазақстанда жәрдемақылар жойыла ма, әлде қайта қарала ма: 2027 жылдан бастап не өзгереді
© Сурет: gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған жәрдемақыларды жою немесе қысқарту, сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік қолдаудан айыру туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның 2026 жылғы 25 қарашадағы мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Министрлік мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартпайтынын мәлімдеді.
"Жүргізіліп жатқан жұмыс әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, оның әділдігі мен атаулылығын арттыруға бағытталған. Бұл ретте мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақылар отбасының материалдық жағдайына қарамастан сақталады", – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер, оның ішінде жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімге байланысты төлемдер отбасының материалдық жағдайына қарамастан толық көлемде сақталады.
Ал республикалық бюджеттен төленетін 36 түрлі жәрдемақының 12-сі бойынша келесі жылдан бастап отбасының материалдық жағдайын ескере отырып, атаулы қолдау тетігін қолдану көзделіп отыр.
"Әңгіме әлеуметтік кепілдіктерді жою туралы емес, мемлекеттік қолдаудың жекелеген түрлерін ұсыну тетіктерін жетілдіру туралы болып отыр", – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.
Министрлік қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.
Айта кетейік, Қазақстанда халықтың әл-ауқат санаттарын анықтауға арналған калькулятор 2026 жылғы 16 қазанда іске қосылған болатын. Калькулятор қате нәтиже көрсеткен жағдайда не істеу керектігі туралы толығырақ мына сілтемеден білуге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:33, 25 қараша 2026
Өскеменде танысына пәтер сатуға көмектескен ер адам кейін оның ақшасын ұрлап кеткен
-
11:29, 25 қараша 2026
Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 50 іс қозғалып, бопсалаудың 440-тан астам дерегі анықталды
-
11:10, 25 қараша 2026
Археологтар 2200 жылдық сирек монеталар мен жоғалған дәуірдің іздерін тапты
-
10:45, 25 қараша 2026
Қостанайдағы екі су қоймасында су тасқыны туралы ерте хабарлау жүйесі енгізілуде
-
10:32, 25 қараша 2026
Ақтөбелік жігіт қыздың жеке құпиясын біліп алып, қорқыту арқылы ақша таппақ болған





