«Қазгидромет» алматылықтарға ауаның ластану қаупі туралы ескертті

09:08, 26 қараша 2026
MKZ: 1579798

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Синоптиктер 2026 жылғы 26 қарашада Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, Алматыда түнде қолайсыз метеожағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді құбылыстардың жиынтығы. Мұндай кезде зиянды заттар ауаның жерге жақын қабатында жиналады.

"Қазгидромет" мамандары қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!