Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың 2026 жылғы 25 қарашадағы мәліметінше, мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті – бағдарлама аясындағы жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдер мен бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.
Бағдарламаны іске асырудың қаражатты жоспарлау мен бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады. Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құны мен заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды және оларды жою жөнінде шаралар әзірлейді.
Енді бағдарламаның іске асырылу барысына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша тоқсандық және жылдық есептер Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынылады.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) белгіленді.
Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:20, 25 қараша 2026
Қазақстанның алты өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады: 25 қарашаға арналған жол болжамы
-
10:04, 25 қараша 2026
Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
-
09:54, 25 қараша 2026
Жалған қайғысын пайдаланып, әйелдің үйі мен қомақты ақшасын иемденіп алған
-
09:38, 25 қараша 2026
Қостанайда жұмысшыны ор ішінде топырақ басып қалды: кінәлі адамға қандай жаза тағайындалды
-
09:23, 25 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді





