ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді
© Сурет: kazatomprom.kz
2026 жылғы 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комитеттің 25 қарашадағы мәліметінше, ұсталғандар "Самұрық-Қазына" қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және "Заң мен тәртіп" қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жалғасып жатыр.
Ұсталғаны туралы жаңалық жарияланар алдында атом компаниясының сайтында басшылық құрамындағы өзгерістер туралы хабарлама шыққан болатын.
"2026 жылғы 24 қарашадағы Директорлар кеңесінің шешімімен "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшелері – коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғужин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", – делінген компания хабарламасында.
Сондай-ақ аталған басшылардың функционалдық міндеттері компанияның ішкі рәсімдеріне сәйкес басшылық құрам арасында қайта бөлінгені атап өтілген.
Компания өндірістік және коммерциялық персоналдың толық құрамда жұмыс істеп жатқанын, ал ағымдағы шаруашылық қызмет штаттық режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ – Қазақстанның уран, сирек металдар және атом электр станцияларына арналған ядролық отынды импорттау-экспорттау жөніндегі ұлттық операторы. 2009 жылдан бері Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша әлемде көш бастап келеді.
Еске салайық, 2026 жылғы 12 қарашада "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғаны белгілі болған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті олардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Кейін "Самұрық-Қазына" холдингі мен қор тобына кіретін компаниялар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Ал 2026 жылғы 13 қарашада Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесінің жедел кеңесінде мәлімдеме жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайды мемлекеттік компанияларда ауқымды сыбайлас жемқорлық бар екенін көрсететін аса маңызды белгі деп атады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлық деңгейін күрт төмендету жөніндегі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:19, 25 қараша 2026
25 қарашадағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
12:11, 25 қараша 2026
Қыс жақындап келеді: 26-28 қарашада Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады
-
11:52, 25 қараша 2026
Қазақстанда жәрдемақылар жойыла ма, әлде қайта қарала ма: 2027 жылдан бастап не өзгереді
-
11:33, 25 қараша 2026
Өскеменде танысына пәтер сатуға көмектескен ер адам кейін оның ақшасын ұрлап кеткен
-
11:29, 25 қараша 2026
Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 50 іс қозғалып, бопсалаудың 440-тан астам дерегі анықталды






