Тоқаев New Generation School Astana ғимаратына барды

19:31, 24 желтоқсан 2025

© Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев New Generation School Astana ғимаратына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда нысандарын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты.

1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Оқушылар үш мезгіл тамақтандырылады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын "Даму" қоры кредит ретінде бөлген.

Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!