Жамбылда өндіріс көлемі 1 миллион тоннаға жететін аммофос кешені іске қосылады

15:45, 24 желтоқсан 2025

© Сурет: "Казфосфат" ЖШС

Жамбыл облысы Сарысу ауданында ұлттық маңызы бар стратегиялық жобаның құрылысына дайындық кезеңі жүргізілуде. Бұл минералдық тыңайтқыштарды өндіретін Қазақстандағы ірі химиялық кешен болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспарға сәйкес жаңа кәсіпорынның жылдық қуаты – 1 млн тонна өнім. Бұл жоба ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен 2025 жылдың 11 желтоқсанында ұйымдастырылған баспасөз турында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне таныстырылды.

Жоба – "Zhanatas Chemical Complex" ЖШС тарапынан жүзеге асырылады. Бұл Қазақстан және ТМД елдеріндегі химия өнеркәсібінің жетекшісі саналатын "Казфосфат" компаниясына еншілес құрылым.

Сурет: "Казфосфат" ЖШС

Әлемдік стандарттарға сай тыңайтқыш өндіру үшін ТМД елдерінде баламасы жоқ кенді терең байыту технологиясы енгізіледі. Бұл технология Қаратау бассейніндегі фосфориттік қоспалар мөлшерінің жоғары болуы секілді мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Жобаға салынатын жалпы инвестиция көлемі – 300 миллиард теңгеден асады. Қаржыландыру тетігі ретінде "Қазақстан Даму Банкі" мен өзге де көздерден қаражат тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Сурет: "Казфосфат" ЖШС

Жобаны іске асыру – өңір үшін әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін береді. Жаңа 1200 жоғары білікті жұмыс орындарын құру көзделіп отыр. Кадрларды даярлау үшін компанияның халықаралық әріптестері әзірлеген оқыту жүйесі, тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру бағдарламалары ұйымдастырылатын болады.

Жаңатас қаласындағы кешен – шикізатты қайта өңдеудің толық циклін қамтамасыз ететін әрі интеграцияланған өндірістік тізбек қағидаты бойынша салынады. Оның қызметі заманауи ауа тазарту жүйесі мен ең озық технологияларды пайдалану нәтижесінде халықаралық экологиялық стандарттарға толық сәйкестендіріледі.

Сурет: "Казфосфат" ЖШС

Қазіргі таңда кешен жобасы әзірленуде. Шикізаттың негізгі көзі ретінде "Қыстас" кен орнын жіті барлау ісі аяқталды. Газ тартып, электрмен жабдықтауға техникалық шарттар толық алынды. Зауытты сумен жабдықтау үшін "Ақжар" жерасты сулары кен орнын барлау және дала жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрғылау ісі мен сынамалы су сору жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар халықаралық EPC-мердігерлерімен келіссөздер жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау ісін бастау 2026 жылдың соңында жоспарланған.

Сурет: "Казфосфат" ЖШС

"Zhanatas Chemical Complex – бұл жай ғана кезекті өндірістік нысан емес. Бұл – Қазақстандық химия өнеркәсібінің болашағына жасалған үлкен қадам. Тұрғындарға салынған инвестиция және технология. Бұл – ондаған жылға елді бәсекеге қабілетті ету. Жаңа кешен Қазақстандағы ірі химиялық өндірістің жаңа буынынан айналады. Жаһандық нарықта елді минералды тыңайтқыштарды сенімді өндіруші және экспорттаушы ретінде рөлін нығайтады." Ержан Муканов, "Zhanatas Chemical Complex" Бас директоры

"Казфосфат" компаниясы жайлы:

"Казфосфат" ЖШС (www.kpp.kz) – ТМД мен Еуропа аумағында құрамында фосфоры бар тыңайтқыш пен азықтық фосфаттарды шығаратын ірі өндіріс. Компания Қазақстандағы химия және агроөнеркәсіп салаларында маңызды рөл атқарады. "Казфосфат" ЖШС өнімдері Орта Азия, ТМД мен Еуропа нарықтарына жеткізіледі. Компанияның негізгі өндірістік қуаты Жамбыл облысында шоғырланған. "Казфосфат" ЖШС өндірістік қызметі Тараз қаласындағы кеңседе жүзеге асырылады. Бас кеңсе – Алматы қаласында орналасқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!