Биатлоннан IBU кубогы: қазақстандықтар спринт пен масс-стартта қалай өнер көрсетті

21:11, 24 желтоқсан 2025

© Сурет: olympic.kz

Ленцерхайде (Швейцария) қаласында биатлоннан IBU кубогының кезеңі аяқталды. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы жарыс бағдарламасында спринт пен масс-старт сайысы өтті.

Әйелдер арасындағы спринтте Айша Ракишева 34-орынға тұрақтады. Лаура Қыныбаева 50-орынды, Полина Егорова 73-орынды, ал Адима Қуанышбекова 96-орынды иеленді. Ерлер арасында Никита Акимов 48-ші болып мәреге жетсе, Кирилл Бауэр 89-шы, Егор Гребенщиков 94-орыннан көрінді.

Масс-стартта Айша Ракишева 57-ші болып келсе, Лаура Қыныбаева 59-орынға жайғасты, ал Никита Акимов 56-орын алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!