«Қарлы боран, тұман, көктайғақ». Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: pixabay
Қазақстанның 17 облысында 24 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жезқазғанда 24 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болды, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысында қар бұрқасындатып, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз және түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 15-20 градус, облыстың батысында 23 градус аяз болады, 26 желтоқсанда түнде 25-30 градусқа, облыстың оңтүстігінде 20 градусқа дейін әрі қарай суытады. Петропавлда 24 желтоқсанда қар бұрқасындатады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 25 желтоқсанда қалада қар жауып, бұрқасындатады, 26 желтоқсанда түнде қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 17-19 градус аяз болады, 26 желтоқсанда түнде сынап бағаны 27-29 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Талдықорғанда 24 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырауда 24 желтоқсанда көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Ақмола облысында түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 24 желтоқсанда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Алматыда және Қонаевта 24 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.
Астанада 24 желтоқсанда түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Ақтөбеде 24 желтоқсанда көктайғақ болады деп күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында жел екпіні 15-20 м/с қамтиды. Шымкент пен Түркістан қалаларында 24 желтоқсанда тұман түседі деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оралда 24 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 24 желтоқсанда жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, блыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 24 желтоқсанда қар жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 23 желтоқсан 2025
Қанат Исламның Алматыдағы жекпе-жегі өтпейтін болды
-
21:59, 23 желтоқсан 2025
Абай облысында жолаушылар автобусы мен «КамАЗ» соқтығысып, бір адам қаза тапты
-
21:47, 23 желтоқсан 2025
Иран газ экспорттауды кілт тоқтатып, Ирактың энергетикасы саласына үлкен залал келді
-
20:44, 23 желтоқсан 2025
Трамп Тоқаевпен болған диалогты жоғары бағалап, оны Майамидегі G20 саммитіне шақыруды жоспарлап отыр
-
20:12, 23 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жеңіл көлік көшедегі бас шыршаға соғылды





