Мәжіліс креативті индустрияларды қолдау және дамыту туралы заңды екінші оқылымда қабылдады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 24 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдап, оны Парламент Сенатына жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қорытындыда заң жобасы креативті қызметті жүзеге асыру тәртібін одан әрі реттеуге бағытталғаны атап өтілген. Атап айтқанда, "креативті индустрия қызметкері" және "креативті индустрия субъектілерінің тізілімі" деген жаңа ұғымдар енгізіледі.
"Құжатта Мәдениет және ақпарат министрлігіне креативті индустриялар саласындағы жобаларға жеке инвестициялардың тартылуына мониторинг жүргізу құзыреті берілетіні көрсетілген. Ал әкімдіктерге креативті индустриялар саласындағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы таланттардың өзін-өзі жүзеге асыруы мен дамуына жағдай жасау міндеті жүктеледі. Шығармашылық еркіндік пен кәсіби дамуды қамтамасыз ету мақсатында креативті индустрия қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар қарастырылған. Сонымен қатар, креативті қызмет жобаларына қатысты зияткерлік меншік мәселелері мен креативті индустрияларды қолдау қорын құру нормалары басқа заңдармен реттелетінін ескере отырып, бұл мәселелерге қатысты өзгерістер заң жобасынан алынып тасталды",- делінген құжатта.
Заң жобасын қарау барысында депутаттар бірқатар түзету енгізді. Атап айтқанда:
- "Мәдениет туралы" заңда мемлекеттік қолдау шараларын алуға үміткер креативті индустрия субъектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі уәкілетті органның құзыреті кеңейтілді;
- "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңда жастарды креативті индустрияларға тарту шараларын қамтамасыз ету, оның ішінде жастардың креативті бастамалары мен жобаларын қолдау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті толықтырылды. Сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары жастарды креативті индустриялар саласына тарту бөлігінде кеңейтілді;
- "Кинематография туралы" заңда ұлттық фильмдер өндірісіне бөлінетін қаражат көлемін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті нақтыланды.
Бұдан бөлек, Үкіметтің ұсынысы бойынша заң жобасына мынадай нормалар енгізілді:
- шетелдік әртістердің қатысуымен өтетін ойын-сауық сипатындағы мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылардың қызметін реттеу;
- кино көрсетіліміне арналған фильмдерге прокат куәлігін беру тәртібін өзгерту.
Сонымен қатар, депутаттар заң жобасының мазмұнын сапалы түрде жетілдіруге бағытталған редакциялық сипаттағы және заңнамалық техниканы сақтау мақсатындағы түзетулер енгізді.
Бұған дейін Экология министрлігі қоқысты бөлек тасымалдау мәселесі шешілетінін мәлімдеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:16, 24 желтоқсан 2025
Си Цзиньпин Астананың келбетіне жоғары баға берді - Тоқаев
-
17:09, 24 желтоқсан 2025
Президент Астанада жол-көлік оқиғаларының көбейгеніне алаңдаушылық білдірді
-
17:06, 24 желтоқсан 2025
Тоқаев Астанада жаңа әуежай салуды тапсырды
-
17:06, 24 желтоқсан 2025
Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу керегін айтты
-
17:04, 24 желтоқсан 2025
Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауға тиіс - Тоқаев





