Абай облысында жолаушылар автобусы мен «КамАЗ» соқтығысып, бір адам қаза тапты

21:59, 23 желтоқсан 2025

© Фото: zakon.kz

Алматы – Өскемен тас жолында автобус пен жүк көлігінің қатысуымен кісі өліміне әкеліп соқтырған жол апаты болды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 23 желтоқсанда шамамен сағат 08:20-да Алматы – Өскемен тас жолының 681-шақырымында Yutong маркалы автобус пен КамАЗ-5320 жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.

"Соқтығысу салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш адам медициналық мекемеге жүгініп, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Аталған дерек бойынша жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері мен сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады". Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жария етілмейтіні де айтылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!