Түрмедегі азаптау ісі: алқабилер 12 қызметкерді тағы да ақтап шығарды
© Сурет: Zakon.kz
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) адамдарды азаптады деп айыпталған 12 қызметкеріне қатысты іс бойынша сот жаңа шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды.
"Қылмыстық қудалау органы ҚАЖК қызметкерлерін Атбасар қаласындағы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған ықпал ету әдістерін қолданды деп айыптаған (ҚР ҚК 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағы – Азаптау). Алқабилер сотталушыларды кінәсіз деп тану туралы үкім шығарды. Қылмыс оқиғасының болмағаны және сотталушылардың кінәсіздігі туралы шешім кеңесу бөлмесінде дауыс беру арқылы қабылданды. 10 алқаби мен бір судьяның әрқайсысының бір-бірден дауысы бар. Дауыс беру кезінде артықшылық қарастырылмаған", - деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі 2025 жылғы 24 желтоқсанда.
Сот үкімімен ҚАЖК-нің 12 қызметкері кінәсіз деп танылды. Ақталғандарға оңалту құқығы берілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
2023 жылғы тамызда Атбасарға жеткізілген ондаған сотталған колонияның 25 қызметкері тарапынан соққыға жығылғанын мәлімдеген болатын. 2025 жылғы ақпанда бұл іс Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында алқабилердің қатысуымен қаралып, ҚАЖК қызметкерлері кінәсіз деп танылған еді. Алайда прокуратура үкімге наразылық білдіріп, бірінші сатыдағы соттың шешімі күшін жойды. Іс сол сотқа басқа құрамда қайта қарауға жіберілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 24 желтоқсан 2025
Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы: скиатлонда кімдер топ жарды
-
21:41, 24 желтоқсан 2025
Алматы метросында түтін шықты: жолаушылар шұғыл эвакуацияланды
-
21:11, 24 желтоқсан 2025
Биатлоннан IBU кубогы: қазақстандықтар спринт пен масс-стартта қалай өнер көрсетті
-
20:51, 24 желтоқсан 2025
25 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:01, 24 желтоқсан 2025
Президент еліміздегі алғашқы Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді





