Мемлекет басшысы Астанадағы Tausogar зауытының жұмысымен танысты

11:46, 24 желтоқсан 2025

© Сурет: akorda.kz

2025 жылғы 24 желтоқсанда елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, №1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.

"Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты",- делінген ақпаратта.

Сурет: akorda.kz

Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!