Қостанайда жас жігіт ұйымдастырған заңсыз діни қызмет анықталды

10:13, 24 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Қостанайда полицейлер қайырымдылық атын жамылған заңсыз діни қызметті әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty TV дерегіне сүйенсек, қаладағы жеке үйлердің бірінде Ақмола облысының 23 жастағы тұрғыны кәмелетке толмағандардың қатысуымен діни сабақтар мен ғұрыптар өткізген.

Сабақтар діни бірлестік мәртебесі жоқ әрі діни қызмет жүргізуге арналмаған қайырымдылық ұйымының ғимаратында өткен. Осы қайырымдылық ұйымының атауын жамылып, тіркеусіз діни оқыту және миссионерлік қызмет жүргізілген, сондай-ақ діни әдебиеттер пайдаланылған. Бұған дейін сот аталған ұйымды тарату туралы шешім шығарған.

"Діни қызмет туралы заңнаманы бұзу дерегі бойынша сот құқық бұзған азаматты құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Құзырлы органдар діни қызметтің тек заң талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертеді",- делінген телеарна ақпаратында.

Бұған дейін Абай облысында жолаушылар автобусы мен "КамАЗ" соқтығысып, бір адам қаза тапқанын хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!