Қос палаталы Парламентте отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды – Тоқаев
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, осы уақытқа дейін Парламентте атқарылған жұмыстарға тоқталып, олардың еңбегін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
️Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын елімізде тұңғыш кәсіби Парламент құрылғанын еске алды.
"Мүлде жаңа институционалдық үлгіге көшкен заң шығарушы орган мемлекеттігімізді нығайтуға елеулі үлес қосты, сондай-ақ еліміздің құқықтық негізін қалыптастыру және нарықтық экономиканы орнықтыру ісінде маңызды рөл атқарды. Қысқаша айтсақ, отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар өздері бастамашы болды". Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның айтуынша, заң шығару жүйесінің қайнар бастауында бүкіл халқымызға және халықаралық қауымдастыққа танымал саясаткерлеріміз, көрнекті мемлекет қайраткерлері, белгілі қоғам қайраткерлері тұрды.
"Олардың жемісті еңбегі Парламент тарихында өшпес із қалдырды. Қажырлы қызмет халқымыздың жадында мәңгі сақталып қаларына күмән жоқ. Парламент әрдайым уақыт талабына тез бейімделіп, қоғам сұранысына лайықты жауап бере алатын жасампаз құрылым болды. Парламент мемлекетіміздің басты өкілді органы қоғамның түрлі саласындағы кәсіби мамандарды бір мақсатқа тоғыстырды. Елімізде саяси және заңнамалық тұрғыдан сапасы жоғары парламенттік мәдениет қалыптасты. Бұл – Қазақстанды дамыған ел ретінде айқындайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі. Түптеп келгенде, Парламенттің әрбір шақырылымы Қазақстанның алға қарай нық сеніммен қадам басуына зор серпін берді, басқаша айтсақ, ұлтымыздың эволюциялық өрлеу жолының жарқын үлгісіне айналды".Мемлекет басшысы
Бұған дейін оның Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, еліміздің саяси дамуындағы тарихи кезеңге тоқталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:11, 30 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылтай құрамына тек үздіктер ғана кіруі керек
-
14:08, 30 маусым 2026
Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді
-
14:06, 30 маусым 2026
Соңғы 3 жылда 584 заманауи мектеп салынды – Тоқаев
-
14:06, 30 маусым 2026
Тоқаев: Құрылтайдың негізгі мақсаты – Әділетті Қазақстанды құру ісіне атсалысу және осы бағытта жұмыс істеу
-
14:03, 30 маусым 2026
Әлеуметтік мемлекет боламыз деп, қаражатты талан-таражға салуға болмайды – Президент





