Абай облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды
© Фото: pexels
Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті Жарма ауданының аумағында бағалы металдарды заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау жұмыстары жүргізіліп, бағалы металдар заңсыз өндірілген үш учаске анықталды. Заңсыз қызмет барысында топырақ жамылғысына ауқымды зиян келтіріліп, оның ішінде құнарлы топырақ қабаты сыпырылып алынған.
"Тергеу іс-шаралары барысында алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдықтары, арнайы техника және автокөліктер тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда",- деп мәлімдеді ведомство.
Тергеу жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін полиция көшедегі күмәнді QR-кодтарға байланысты ел тұрғындарына үндеу жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 29 маусым 2026
Еуропада бір аптада ыстықтан 1300 адам көз жұмды
-
22:32, 29 маусым 2026
Аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі: 30 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды
-
22:15, 29 маусым 2026
Қазақстан мен Испания ядролық қауіпсіздік саласындағы әріптестікті дамытуда
-
21:19, 29 маусым 2026
Танымал демалыс аймақтарының бірінде Денге безгегі өршіді: туристерге ескерту жасалды
-
20:57, 29 маусым 2026
Көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болыңыз: Полиция ел тұрғындарына үндеу жасады





