Қазақстанда топырақтың құнарлылығын сақтауға бағытталған заң мақұлданды
© Фото: pexels
Қазақстанда топырақты қорғауға арналған жеке заң қабылдануға бір қадам жақындады. Сенат "Топырақты қорғау туралы" заңды және оған ілеспе заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады. Енді құжаттарға Президент қол қойғаннан кейін олар заңды күшіне енеді.
Заң жобасының бастамашысы, Сенат депутаты Зәкіржан Кузиевтің айтуынша, құжат топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелеуге, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға, олардың құнарлылығын сақтауға және тозудан қорғауға бағытталған.
"Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарыбастамашылық еткен "Топырақты қорғау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарын ұсынамыз.
Аталған заңдар топырақты қорғау саласында жүйелі мемлекеттік саясаттықалыптастыруға, оны тиімді пайдалануға, құнарлылығын сақтауға және тозуданқорғауға бағытталған.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында түбегейлі өзгерістер қажет болып отыр. Топырақ қайта қалпына келмейтін ресурс және Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің негізі",– деді сенатор Кузиев.
Топырақтың жағдайына агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығы, ауылдық аумақтардың дамуы және азаматтарымыздың әл-ауқаты тікелей байланысты.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, климаттың өзгеруі мен адам әрекетінің салдарынан еліміздің көптеген өңірлерінде жердің деградациясы күшейіп, жердің шөлге айналу қатері артып отыр, дейді осы заңға бастамашы болған депутаттар.
"Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, зерттелген 53,5 миллион гектар жердің 2,7 миллион гектары деградацияға ұшыраған. Бұл көрсеткіштер мәселенің тек экологиялық сипатта ғана емес, елдің экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздігінің негіздеріне әсер ететін жүйелі қауіп екенін көрсетеді",– деді Сенат мінберінде сөйлеген Зәкіржан Кузиев.
Бұл жай ғана кезекті заңды қабылдау туралы емес. Бұл – еліміздің болашағы мен келер ұрпақтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер ететін стратегиялық ресурсты сақтау мәселесі. Жоғарыда айтылған барлық нормалар жұмыс тобының, комитеттің және комитеттің кеңейтілген отырыстарында барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен жан-жақты талқыланды. Заңдар бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ, деді депутат.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитеті "Топырақты қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын мақұлдауды және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын бірінші оқылым да мақұлдауды ұсынады, – деді Кузиев.
Сенаторлар аталған заңды мақұлдады. Ол енді ел президентінің қарауына жіберілді
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:22, 29 маусым 2026
Алматы облысындағы ұлттық паркте Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып алғандар ұсталды
-
17:01, 29 маусым 2026
Тоқаев Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия премьер-министрін қарсы алды
-
16:59, 29 маусым 2026
Қазақстанда қандай жекеменшік мектептер мемлекеттік қаржыландырудан айырылады
-
16:54, 29 маусым 2026
Алматыдағы «Барыс-4» базарында мыңнан астам сауда заңнамасын бұзу дерегі анықталды
-
16:44, 29 маусым 2026
Астана, Алматы және Шымкентте күн райы құбылады





