Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

20:34, 29 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына 388 миллион теңгеден астам сыйақы төленді. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 29 маусымда ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне және үздік алтылыққа енген спортшыларға ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.

"Сыйақы Ербол Хамитов (пара биатлон, пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасы), Александр Герлиц (пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасы) және Владислав Кобальға (пара шаңғы эстафетасы), сондай-ақ спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына да төленді",- делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Паралимпиада чемпионына жергілікті атқарушы орган тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдік спортшыға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.

Бұған дейін Бибісара Асаубаеваға президент атынан мемлекеттік награда табыс етілгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!