Соңғы 3 жылда 584 заманауи мектеп салынды – Тоқаев

14:06, 30 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Алия Абди

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздегі білім беру жүйесі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айутынша, біз қазір білім экономикасы үстемдік құрған дәуірде өмір сүріп жатырмыз.

"Осындай кезеңде технологиялық дербестігімізді күшейте түсу үшін ғылым саласын және жоғарғы мектеп жүйесін дамытуға баса назар аударуымыз қажет. Соған сәйкес біз еліміздегі университеттерді жаңғырту жұмысын қолға алдық. Бұдан бөлек, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр". Мемлекет басшысы

Оның сөзінше, өздеріңіз мақұлдап, қабылдаған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң ғылыми инфрақұрылымды жақсартып, жас ғалымдарға мол мүмкіндіктер беруге зор ықпал етуде.

"Жалпы, алдымызда ғылым деңгейін, оның тиімділігін барынша көтеруге қатысты маңызды мақсат тұр. Әрине, кез келген ұлттың зияткерлік әлеуеті сол елдегі орта білімнің деңгейімен өлшенетіні ақиқат. Соңғы үш жылда республика бойынша 584 заманауи мектеп салынды. Әрбір үшінші мектеп инновациялық үлгідегі "Келешек мектептері" жобасы аясында бой көтерді. Биыл тағы 84 мектеп ашылады. Оның жартысынан көбі ауылдық жерлерде салынып жатқанын атап өту қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін президент Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет екенін айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!