Алматы облысындағы ұлттық паркте Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып алғандар ұсталды
© Сурет: pexels
Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз атып алған браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, Ұйғыр ауданының прокуратурасы қызметкерлері Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары және полиция қызметкерлерімен бірлесіп кезекті рейд жүргізген.
Рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықты заңсыз атып алған екі ер адам анықталды. Қылмыс жасағаннан кейін олар оқиға орнынан қашуға әрекеттенгенімен, жедел түрде ұсталды.
Күдіктілерді тінту кезінде заңсыз ауланған қарақұйрықтың еті, аңшылық қару, оқ-дәрілер және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.
Кейін жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары заңсыз аңшылық жасалған орынды анықтады.
Жиналған дәлелдердің негізінде қылмыстық іс сотқа жолданды. Қазіргі уақытта күдіктілерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы ("Заңсыз аңшылық") бойынша айып тағылып, олар заң алдында жауапқа тартылуда.
Бұған дейін Астанада автокөліктен ақша ұрлады деген күдікпен жас жігіт ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:23, 29 маусым 2026
Астанаға кіреберісте есірткі курьері ұсталды
-
18:06, 29 маусым 2026
30 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады
-
17:50, 29 маусым 2026
Тоқаев Грузия премьер-министрін қабылдады: тараптар не туралы келісті
-
17:50, 29 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді
-
17:38, 29 маусым 2026
Қазақстанда 250 мыңға жуық оқушы орны жетіспейді: Оқу-ағарту министрлігі мектеп тапшылығы туралы мәлімдеді





