Бибісара Асаубаеваға президент атынан мемлекеттік награда табыс етілді
© Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады. Гроссмейстер II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 29 маусымда ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Аида Балаева Бибісара Асаубаеваның отандық шахмат спортының дамуына, зияткерлік ойындарды жастар арасында кеңінен насихаттауға және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті".
Бибісара Асаубаева – әлемдік додаларында ел намысын абыроймен қорғап жүрген көрнекті шахматшы. Ол блицтен үш мәрте әлем чемпионы атанып, осы бәсекеде жеңіске жеткен ең жас шахматшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ жуырда Норвегияда өткен беделді Norway Chess супертурнирінде топ жарып, тағы бір жарқын жеңісіне қол жеткізді.
Атап өтілгендей, "Барыс" ордені мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық, әлеуметтік-мәдени қызметке сіңірген ерекше еңбегі, сондай-ақ халықтар арасындағы ынтымақтастықты және мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.
Еске салсақ, 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтап, оны II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 29 маусым 2026
Тоқаев Грузия премьер-министріне І дәрежелі «Достық» орденін табыстады
-
19:38, 29 маусым 2026
Алматыда электросамокаттарға қатысты ауқымды профилактикалық іс-шара басталды
-
19:20, 29 маусым 2026
Мұнай, инвестициялар, ЖИ: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе нені талқылады
-
19:20, 29 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді
-
18:58, 29 маусым 2026
Венесуэла жағалауында тағы бір жер сілкінісі болды





