Венесуэла жағалауында тағы бір жер сілкінісі болды
© Сурет: pexels
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Венесуэла жағалауында магнитудасы 4,6 болатын кезекті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының жазуынша, жер сілкінісінің эпицентрі ел астанасы Каракас қаласынан солтүстікке қарай 42 шақырым жерде орналасқан. Бұл қалада 3 миллионнан астам адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Мамандар цунами қаупі туралы ескерту жариялаған жоқ.
Еске салайық, Венесуэлада алғашқы жойқын жер сілкінісі 24 маусым күні кешке болған еді.
Араға шамамен 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер асты дүмпуі тіркелді. Олардың эпицентрлері Яракуй штатында, бір-бірінен 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінен кейін 214 қайталама жер сілкінісі тіркелді.
Соңғы ресми мәлімет бойынша, апат салдарынан 1 430 адам қаза тауып, 3 238 адам жарақат алған. Сондай-ақ 3 142 отбасы баспанасыз қалып, қазіргі уақытта арнайы уақытша паналау орындарында қажетті көмек алып жатыр.
Бұған дейін Венесуэлада жер сілкінісінен кейін үйінді астында үш күн жатқан 11 жастағы бала құтқарылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 29 маусым 2026
Тоқаев Грузия премьер-министріне І дәрежелі «Достық» орденін табыстады
-
19:38, 29 маусым 2026
Алматыда электросамокаттарға қатысты ауқымды профилактикалық іс-шара басталды
-
19:20, 29 маусым 2026
Мұнай, инвестициялар, ЖИ: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе нені талқылады
-
19:20, 29 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді
-
18:40, 29 маусым 2026
Бибісара Асаубаеваға президент атынан мемлекеттік награда табыс етілді





