Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылтай құрамына тек үздіктер ғана кіруі керек
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Құрылтайдың елдің жаңа саяси жүйесіндегі рөліне тоқталып, оның құрамына мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоятын азаматтар іріктелуі қажет екенін мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Құрылтай – жаңа тұрпатты Қазақстанның басты саяси институттарының бірі әрі елдегі реформалардың нәтижесін айқындайтын маңызды символ.
"Құрылтай – жаңа тұрпатты Қазақстанның маңызды символы. Сондықтан оның құрамына нағыз отаншыл, бастамашыл әрі мемлекетшіл тұлғалар, яғни тек үздіктер ғана кіруі керек. Себебі халық реформалардың қаншалықты нәтижелі болғанын дәл осы Құрылтайдың қызметіне қарап бағалайды", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты Сенат пен Мәжіліс депутаттарының қызметіне жоғары баға беріп, оларға ел мүддесі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтты.
"Осындай маңызды сәтте мен тағы бір мәрте Сенат пен Мәжілістің басшылығына және депутаттарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Себебі сіздер мемлекетіміздің игілігі үшін адал әрі қажырлы еңбек еттіңіздер. Жұрттың мұң-мұқтажын батыл көтеріп, ұлт мүддесін бәрінен биік қоя білдіңіздер", – деді Президент.
Мемлекет басшысы жаңа саяси кезең жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып, қазіргі депутаттардың бір бөлігі Құрылтай құрамында да елге қызметін жалғастыратынына сенім білдірді.
Сонымен қатар Президент Қазақстан Халық Кеңесінің құрамында да кәсіби әрі білікті азаматтар болуы қажет екенін атап өтті.
"Жаңа кезең – жаңа мүмкіндіктер уақыты. Депутаттардың бірқатары Құрылтайға өтіп, ел игілігі жолында еңбек ете береді деп ойлаймын. Қазақстан Халық Кеңесінде де өздеріңіз секілді білікті азаматтар болуы керек деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:32, 30 маусым 2026
Mass Alert жүйесі, 70 сейсмикалық станция, халықты қабылдау пункттері: Алматы зілзалаға қалай дайындалуда
-
15:23, 30 маусым 2026
Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр
-
15:16, 30 маусым 2026
«Бәріміз қуаныштымыз»: Димаш Құдайбергеннің анасы отбасындағы жағымды жаңалықпен бөлісті
-
15:02, 30 маусым 2026
Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
-
14:51, 30 маусым 2026
Атырау облысында құны 619 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды





