Қазақстанда қызанақ бағасы қымбаттай ма: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
© Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 29 маусымда Сенаттағы брифингте қызанақ импортына қойылған шектеу аяқталғаннан кейін ішкі нарықта өнім тапшылығы немесе бағаның өсуі күтіле ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы уақытта қызанақ бағасының күрт қымбаттауын немесе ішкі нарықта тапшылықтың туындауын болжап отыр ма деп сұрады.
"Ондай қауіп жоқ деп есептейміз. Импортқа енгізілген шектеудің аяқталуына бір күн қалды, ол 30 маусымға дейін қолданылады. Бұл шешім жылыжай шаруашылығымен айналысатын отандық көкөніс өндірушілердің өтініші бойынша қабылданған еді. Өйткені олардың қоймаларында өнім көлемі шамадан тыс жиналып, жаңа айналымға шығуына мүмкіндік болмады. Сонымен қатар импорттық өнім өндірушілер тарапынан демпинг байқалды. Олардың өнімінің өзіндік құны мемлекеттік қолдау шаралары мен табиғи-климаттық жағдайлардың арқасында айтарлықтай төмен болды, – деді Азат Сұлтанов.
Сонымен қатар вице-министр енгізілген және алдағы уақытта қабылданатын барлық шектеулер бизнес өкілдерімен бірлесіп қарастырылатынын атап өтті.
"Мысалы, жұмыртқаға қатысты Қазақстанға импортты шектеу тәжірибесі бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Жақында әріптестеріңіз жұмыртқаның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарында болып, бағасы өспеген өнімдердің бірі екенін жазды. Яғни біз өндірушілермен келіскен деңгейде баға тұрақты сақталып отыр. Дәл осындай тәсіл сиыр етіне де қолданылды. Ішкі нарықты қамтамасыз ету жөнінде келісімге келдік. Қызанақ бойынша да осындай шаралар қабылданады. Алма өндірушілерімен де келісім жасалып, дүкен сөрелеріндегі баға тұрақты деңгейде сақталды, – деді спикер.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов жанар-жағармай нарығындағы жағдайдың ет бағасына әсері және мал азығын дайындауға қажетті отынмен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:46, 29 маусым 2026
Қазақстанда доллар бағамы қайта төмендеді
-
15:38, 29 маусым 2026
Астанада автокөліктен ақша ұрлады деген күдікпен жас жігіт ұсталды
-
15:24, 29 маусым 2026
Түркістан облысында полицейлер жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтады
-
15:15, 29 маусым 2026
Астанада тұрғын үйді арзан бағамен алып беремін деп 30 адамды алдаған күдікті ұсталды
-
15:05, 29 маусым 2026
Атырауда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды





