Қазақстандық оқушылардың қысқы демалысы неше күнге созылады
© Фото: пресс-служба акимата Алматы
ҚР Білім министрлігі бүгін, 2024 жылғы 10 желтоқсанда мектеп оқушыларының қысқы каникулда қанша күн демалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:
• "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" мектепішілік іс-шарасы;
• театр фестивальдері мен қойылымдары;
• жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
• қауіпсіздік сабақтары;
• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
• спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;
• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
Ең бастысы — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:25, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қандай көмек көрсетіледі
-
20:14, 26 желтоқсан 2024
Embraer-190 ұшағының «қара жәшігі» Ақтауға сарапшылар келгеннен кейін бір-ақ ашылады
-
19:52, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апаты: Зардап шеккен 29 адамның алтауы Қазақстанда емделуде
-
19:48, 26 желтоқсан 2024
Ақтаудағы ұшақ апаты: Embraer және CENIPA компаниясының өкілдері Қазақстанға ұшып шықты
-
19:00, 26 желтоқсан 2024
ЖЕАЭК басшылары интеграциялық үрдістерді одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады