Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды
© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзенде тұрады;
- Жұмагұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзенде тұрады;
- Махсудова Галина Растамбекқызы, 1978 жылы 12 қаңтарда туған, Маңғыстау облысының тумасы, Ақтауда тұрады;
- Шәймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 1975 жылы 17 шілдеде туған, Алматының тумасы, Астанада тұрады;
- Гаухар Шәймерденованың ұлы – Жұмағат Эльдар, 2013 жылы 23 тамызда дүниеге келген, Астанада тұрады;
- Жұтаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, Қарағандыда тұрады.
Бұған дейін Ақтауда ұшақ құлаған жерде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай енгізілгені хабарлаған едік.
Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні түскі уақытта болды. Бакуден Грозныйға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады.
Кейінгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны - 29 адам. Ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Бортта Қазақстан азаматтары да болған. Ұшақта болған алты қазақстандықтың бәрі қаза тапты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:58, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіптік кооперация: AGROMASH әлемдік алыптармен жұмыс істей бастады
-
10:00, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қандай
-
09:47, 26 желтоқсан 2024
Желтоқсан айында қанша қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
-
09:35, 26 желтоқсан 2024
Mercedes-Benz сауда маркасының өндірушісі банкротқа ұшырады
-
09:33, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да балалар үйінің түлегі әкімдіктен өз баспанасын қайтарып алды