Желтоқсан айында қанша қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

09:47, 26 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

2024 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша 13 423 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 195 адам өтініш білдірген.

"Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 201 адам жүгінді, оның ішінде 3 087 адамға тағайындалды".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ал, төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 10 994 адам өтініш білдіріп, оның 10 336-сына тағайындалған.

"Сондай-ақ, 240 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 138 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 394 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды",- делінген ақпаратта.

Өңірлер бойынша АӘТ алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны тіркелген:

  • Қарағанды ​​(2 көзден – 546 адам, 4 көзден – 1 926 адам),
  • Қостанай (2 көзден – 343 адам, ал 4 көзден – 1 172 адам),
  • Шығыс Қазақстан облысы (2 көзден – 287 адам, ал 4 көзден – 1 204 адам).

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.

Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.

Бұған дейін ШҚО-да балалар үйінің түлегі әкімдіктен өз баспанасын қайтарып алғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!