Бозымбаев Ақтауда ұшақтың неліктен құлағанын айтты

22:01, 25 желтоқсан 2024

© Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев журналистермен әңгімелесу барысында ұшақтың Ақтауда неліктен құлағанын және тұрғын үйлердің үстіне құлау қаупі болған-болмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігіне кіру туралы өтініш жасаған. Одан кейін ұшақ Қазақстанға 11:02-де кірген, бірақ 26 минуттан кейін экипажбен байланыс үзілген.

"Ұшақ жерге соқтығысты (...) Оған құстардың соқтығысуы себеп болды. Олар диспетчерге баяндаған", - деді Бозымбаев.

Сондай-ақ ол ұшақтың тұрғын үйлерге құлау қаупі болған-болмағанын айтты.

"Құлау қаупі болмаған. Әзірше, алдын ала себептерді айту қиын. Қара жәшікті ашып, куәгерлерден, авиациялық қызметтерден сұрау керек. Қазір барлық күш пен құрал жұмылдырылды, содан кейін ғана алдын ала себептер белгілі болады", - деп нақтылады вице-премьер.

Бұған дейін Ақтауда ұшақ құлаған жерде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай енгізілгені хабарлаған едік.

Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні түскі уақытта болды. Бакуден Грозныйға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Кейінгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны - 29 адам. Ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Бортта Қазақстан азаматтары да болған. Ұшақта болған алты қазақстандықтың бәрі қаза тапты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!