ШҚО-да балалар үйінің түлегі әкімдіктен өз баспанасын қайтарып алды
© Фото: Zakon.kz
Шемонаиха ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында балалар үйінің түлегінің құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылғы 26 желтоқсанда Бас прокуратура мәлімдеді.
Белгілі болғандай, ол балалар үйінде болған кезеңде Шемонаиха қаласында орналасқан тұрғын үй мен жер учаскесі аудан әкімдігі тарапынан заңсыз үшінші тұлғаларға берілген.
Аудандық прокуратура қызметкерлері тәрбиеленушіге сотқа талап арызын дайындау мен оны беру барысында құқықтық көмек көрсетті.
"2024 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен азаматтың талап-арызы қанағаттандырылып, дауласқан нысанға қатысты құқық белгілейтін құжаттар жарамсыз деп танылды". Бас прокуратура
Қабылданған шаралар әділдікті қалпына келтіруге және балалар үйінің тәрбиеленушісінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды
-
21:30, 26 желтоқсан 2024
Ақтауда Каспий теңізіне ұшақ апатынан қаза тапқандар құрметіне гүл шоқтары жіберілді
-
20:58, 26 желтоқсан 2024
Маңғыстаулықтар Әзірбайжан азаматтарын еліне шығарып салды