Ақтаудағы ұшақ апаты: Embraer және CENIPA компаниясының өкілдері Қазақстанға ұшып шықты
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Embraer және CENIPA компаниясының өкілдері Қазақстанға ұшып шықты. Бұл туралы 26 желтоқсанда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, олар елімізге 27 желтоқсанда келіп жетеді. Сонымен қатар, Қазақстанға Әзірбайжан Азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді.
Оқиға орнында Әзірбайжанның авиациялық билігімен тығыз ынтымақтастықта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты:
- Бейінді ведомствоның Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері тергеудің далалық кезеңін өткізіп жатыр.
- Әуежайдың төтенше жағдайлар қызметі ұшақты қабылдауға дайын болды. Экипаж ҚР әуе кеңістігіне кіргеннен кейін Ақтау қаласының диспетчерімен байланыс орнатты. Диспечер әуе кемесін қондыру үшін барлық қажетті іс-қимылдарды жедел көрсетті.
- Жолақтың визуалды көрінісі анық болуы үшін ҰҚЖ шамдары қосылды.
- Экпипаж Ақтау әуеайлағы кеңістігіне кіруге екі рет әрекет жасады, оның барысында ұшақтың ретсіз шайқалғаны байқалды.
- Ұшақ жағалау сызығына қарай бұрылды. Сағат 11:28-де экипажмен байланыс үзіліп, әуе кемесі жермен соқтығысты.
- Бірден әуе кемесі құлаған жерге бірінші болып Ақтау әуежайының құтқару қызметі келіп жетті, олар борттағы жолаушыларды дереу эвакуациялауға кірісті.
Бұған дейін ҚР ТЖМ баспасөз қызметі әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімін жариялаған болатын. Қайғылы оқиға 25 желтоқсанда түсте болды. Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Соңғы ақпарат бойынша, 67 адамның 29-ы аман қалды, 38 жолаушы қаза тапты, олардың ішінде ұшақ экипажы да бар. Ұшақта Қазақстанның алты азаматы болғаны белгілі болды, өкінішке қарай олардың барлығы мерт болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:48, 27 желтоқсан 2024
Биржадағы бағалы қағаздармен сауда-саттық критерийлері өзгерді
-
09:37, 27 желтоқсан 2024
Елімізде кедейлік шегі өзгерді
-
09:29, 27 желтоқсан 2024
Алматыдан 277 шақырым жерде жер сілкінді
-
09:16, 27 желтоқсан 2024
Енді қазақстандық ата-аналар баласына балабақшаны өздері таңдай алады
-
09:02, 27 желтоқсан 2024
Маңғыстау облысында халықаралық есірткі жеткізу арнасы анықталды