Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия штаб отырысын өткізді
© Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Премьер-министрдің орынбасары Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің есептерін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-премьер құтқару жұмыстарын жалғастыру, зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша тапсырма берді.
"Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Маңғыстау облысына келген қайтыс болған шетелдік азаматтардың жақындарына да қажетті көмек беріледі", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтауда ұшақ құлаған жерде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай енгізілгені хабарлаған едік.
Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні түскі уақытта болды. Бакуден Грозныйға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады.
Кейінгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны - 29 адам. Ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Бортта Қазақстан азаматтары да болған. Ұшақта болған алты қазақстандықтың бәрі қаза тапты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:29, 26 желтоқсан 2024
Астаналық әйел жеңгетайлық жасап миллиардер атанды
-
12:16, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік елдеріне оралды
-
12:05, 26 желтоқсан 2024
Мәулен Әшімбаев Ақтауда қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты
-
11:57, 26 желтоқсан 2024
Олжас Бектенов ұшақ апатынан кейін авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
-
11:57, 26 желтоқсан 2024
Олжас Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды