Ақтаудағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты

20:56, 25 желтоқсан 2024

© Фото: zakon.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев брифингіде Ақтаудағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мәйіттердің қатты күйіп кеткенін, сондықтан өлгендердің жеке басын анықтаудың бөлек рәсімі жүргізілетінін атап өтті.

Вице-премьер сонымен қатар 11 зардап шеккен жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.

Зардап шеккендердің арасында Әзербайжанның 15 азаматы, Ресейдің тоғыз азаматы, Қырғызстанның екі азаматы бар, тағы үш адамның азаматтығы нақтыланып жатыр.

Бұған дейін Ақтауда ұшақ құлаған жерде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай енгізілгені хабарлаған едік.

Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні түскі уақытта болды. Бакуден Грозныйға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Кейінгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны - 29 адам. Ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Бортта Қазақстан азаматтары да болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!