Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қандай көмек көрсетіледі
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов 26 желтоқсанда ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Әзірбайжанның ұшақ апаты кезінде қаза тапқан отандастарымыздың отбасыларына қатысты көмек көрсету бойынша қандай шешім қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының желісі бойынша асыраушысынан айрылу санаты бойынша әлеуметтік төлем төлеу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
"Жергілікті құрылым бойынша біз демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет жасаймыз. Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта оның мөлшері анықталып жатыр. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджеттен әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылатын болады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. МӘСҚ желісі бойынша - 257 мың теңге", - деді ол.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жалпы адамынан айырылған әр отбасы ай сайын 500 мың теңгеден астам қаражат алатынын айтты. Біржолғы көмек көлемі 5 млн теңгені құрайды.
2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандар саны 29 адамды құрады. Ұшақта Қазақстан азаматтары да болды. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы аман қалмады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:48, 27 желтоқсан 2024
Биржадағы бағалы қағаздармен сауда-саттық критерийлері өзгерді
-
09:37, 27 желтоқсан 2024
Елімізде кедейлік шегі өзгерді
-
09:29, 27 желтоқсан 2024
Алматыдан 277 шақырым жерде жер сілкінді
-
09:16, 27 желтоқсан 2024
Енді қазақстандық ата-аналар баласына балабақшаны өздері таңдай алады
-
09:02, 27 желтоқсан 2024
Маңғыстау облысында халықаралық есірткі жеткізу арнасы анықталды