Әлемдегі жағдайға қарамастан, салиқалы саясат жүргізіп, алға қадам басып келеміз – Тоқаев
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халықаралық ахуалдың күрделеніп бара жатқанын айтып, алдағы жылдары жаһандық экономика үшін сын-қатерлер күшейетінін мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, әлемдегі тұрақсыздық көптеген елдердің экономикалық жоспарларын жүзеге асыруына кері әсерін тигізуі мүмкін.
"Халықаралық ахуал уақыт өткен сайын күрделеніп, құбылып, тұрақсыздық белең алғанын көріп, біліп отырсыздар. Бұл жағдай жаһандық экономикаға орасан зардабын тигізіп жатыр", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, халықаралық ұйымдардың болжамдары да алдағы кезеңнің оңай болмайтынын көрсетеді.
"Халықаралық валюта қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырлы агенттіктерінің болжамы бойынша алдағы екі жылда әлем қауымдастығы, соның ішінде жекелеген мемлекеттер экономикалық жоспарларын жүзеге асыру кезінде едәуір қиындыққа тап болуы мүмкін", – деді Президент.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы мұндай жағдайда үрейге бой алдырмай, нақты экономикалық шараларға басымдық беру қажет екенін атап өтті.
"Бірақ еңсені түсіріп, үрейге бой алдыруға болмайды. Үкімет елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін барынша белсенді және ширақ жұмыс істеуге тиіс. Инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн, сондай-ақ экономиканың қарқынын төмендетпей, керісінше, оның көрсеткіштерін ұлғайту қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:11, 30 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылтай құрамына тек үздіктер ғана кіруі керек
-
14:08, 30 маусым 2026
Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді
-
14:06, 30 маусым 2026
Соңғы 3 жылда 584 заманауи мектеп салынды – Тоқаев
-
14:06, 30 маусым 2026
Тоқаев: Құрылтайдың негізгі мақсаты – Әділетті Қазақстанды құру ісіне атсалысу және осы бағытта жұмыс істеу
-
14:03, 30 маусым 2026
Әлеуметтік мемлекет боламыз деп, қаражатты талан-таражға салуға болмайды – Президент





