Автожолдарда «жасырын» патрульдеу енгізілді
© Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңындағы өткен баспасөз конференциясында қала сыртындағы жолдарды қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қала сыртындағы жолдарда "жасырын" патрульдеу енгізілді, яғни сәйкестендіру белгілері жоқ полиция көлігінің салонында автоматты камералар орнатылды.
"Елді мекендердің ішінде осы тектес камералар автобустардың салондарында және жедел жәрдем көліктеріне де орнату жоспарланып отыр. Бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- деді ресми өкіл.
Сондай-ақ, ол қазір мұндай көліктің 300-ге жуық бірлігі бар екенін атап өтті.
"Бір экипаждың өнімділігі 15 патрульдің жұмысымен сәйкес келеді. Қала сыртындағы трассаларда қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін патрульдік автокөліктер жол ережелерін бұзуды тіркейтін борттық жүйелермен жабдықталды. Қазіргі уақытта жасырын патрульдеу режимінде полицияның 11 автокөлігі жұмыс істейді, жыл соңына дейін олардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз",- деді ол.
Бұған дейін Алматыдағы ауа райының қолайсыздығы аясында кезекші тәулікте қанша ЖКО тіркелгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:51, 11 желтоқсан 2024
«Челси» футболшылары Алматыға келе жатыр
-
19:42, 11 желтоқсан 2024
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
-
19:35, 11 желтоқсан 2024
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары ұсталды
-
19:07, 11 желтоқсан 2024
БҚО-да тағы да бір медициналық нысан іске қосылды
-
18:57, 11 желтоқсан 2024
Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады