Біржан Оразов футзалдан Әлем чемпионатының тарихындағы ең жылдам голдың авторы атанды

12:39, 21 қыркүйек 2024

© Сурет: Қазақстан футбол федерациясы

Біржан Оразовтың Испания құрамасының қақпасына соққан голы Әлем чемпионатының тарихындағы ең жылдам голы деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футзалдан Қазақстан ұлтық құрамасының мәліметінше, Біржанға рекорд орнату үшін небәрі 6 секунд жеткілікті болды

Әлем чемпионатының тарихындағы жылдам соғылған ТОП-3 гол:

  1. Біржан Оразов (Қазақстан) – 6 секунд (15.09.2024).
  2. Хави Родригес (Испания) – 11 секунд (05.10.2008).
  3. Данил Давыдов (Ресей) – 12 секунд (13.09.2016)

Айта кетсек, бүгін, 21 қыркүйекте футзалдан әлем чемпионаты үшінші турында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен кездеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!