Алматыда құтқарушылар жеті бала тұратын үйді тексерді
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда өрт қауіпсіздігі онкүндігі аясында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері жеті бала тәрбиелеп отырған отбасының үйіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов отбасының тұрмыс жағдайымен танысып, үйдің өрттен қаншалықты қорғалғанын тексерді.
Құтқарушылар үйге иіс газының таралуын анықтайтын датчик орнатып, отбасы мүшелерінің есіне өрт қауіпсіздігі ережелерін салды. Сондай-ақ отбасына азық-түлік себеті мен естелік сыйлықтар табыстады.
Кездесу кезінде балалардың анасы үйді жылытуда қиындық барын айтты. Ол кәмелетке толмаған қызына медициналық көмек ұйымдастыруға, соның ішінде емханада ем алуына жәрдемдесуді сұрады.
Алматыда өрт қауіпсіздігі онкүндігі 22 қарашада басталды. Онкүндік аясында мамандар көпбалалы отбасыларға, қарт адамдарға және мүгедектігі бар азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, атаулы көмек көрсетіп жүр.
Бұған дейін Қазақстанда асыраушысынан айырылған жағдайда кімдер төлем алуға құқылы екені және оның қанша уақыт төленетіні туралы хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:51, 26 қараша 2026
Қазақстанда кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін таңбалау ұсынылды
-
09:43, 26 қараша 2026
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескертті – 26 қарашада Қазақстанның 13 өңірінде жаңбыр мен қар жауады
-
09:32, 26 қараша 2026
Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
-
09:21, 26 қараша 2026
Ақтөбеде ауладағы шуға ашуланып, жасөспірімді ұрған ер адамға үкім шықты
-
09:15, 26 қараша 2026
Ұлытау облысында пәтер өртеніп, құтқарушылар төрт бала мен үш ересекті қауіпсіз жерге шығарды





