Алматы облысында бизнес бойынша серіктесін атып өлтірген айыпталушыға қатысты үкім шықты

16:26, 17 қазан 2024

© Сурет:рixabay

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтірді және патроны бар атыс қаруын заңсыз сатып алды, сақтады және тасымалдады деген айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық сотының мәліметінше, 2022 жылдың желтоқсанында сотталушы Алматы облысының Талғар ауданында "Үлкен Алматы каналының" жағасында екі патроны бар атыс қаруын тауып алып, оны 2023 жылдың қаңтарына дейін өз үйінде сақтаған.

"2023 жылғы қаңтарда сотталушы И. және жәбірленуші К. серіктес бола отырып, жәбірленушінің Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылында орналасқан үйінің жанында ақшалай қаражатқа қатысты келіспеушіліктерді шешу үшін кездесуге шешім қабылдаған. Әңгімелесу барысында өзара келісімге қол жеткізбей, жәбірленуші К. көліктен шыққан, сотталушы И. оның соңынан еріп, алдын ала дайындалған атыс қаруын алып, жәбірленушіге қарай атқан",- делінген сот ақпаратында.

Жамбасынан жараланған жәбірленуші К. жасырынуға тырысып, үйге қарай жүгірген. Сотталушы өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізу үшін оның артынан үйге жүгіріп барып, арқасынан екінші рет атқан, нәтижесінде жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған.

Сотталушы оқиға орнынан қашып, Алматы қаласына бара жатқан жолда атыс қаруын лақтырып жіберген.

"Сот үкімімен алқабилердің айыптау үкімі негізінде сотталушы басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату деген айып бойынша кінәлі деп танылды және оған 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал патроны бар атыс қаруын сатып алды, сақтады және тасымалдады деген тағылған айып бойынша кінәнің дәлелденбеуіне байланысты ақталды".Алматы облыстық соты

Үкімге сотталған мен оның адвокаты апелляциялық шағым түсірген, алайда алқабилер үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!