«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

19:11, 16 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

2024 жылғы 17 қазанда Атырау, БҚО, Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал Жамбыл, Жетісу, ШҚО және Абай облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр және қар жаууы мүмкін.

"Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!