Цифрлық даму министрі әрбір қазақстандықтың басында қанша SIM-карта болуы керектігін айтты

17:36, 17 қазан 2024

© Сурет: unsplash

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылы 17 қазанда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанда бір адам қанша SIM-карта ұстай алатындығына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазір бұл тұрғыда қандай да бір шешім қабылданған жоқ, бірақ сарапшы ретінде менің ойымша, әрқайсымызға 10-нан артық SIM-картаның қажеті жоқ. Менің ойымша, бұл көлем бір адамға жеткілікті, бірақ оны сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік органдар талқылайтын болады. Соның нәтижелері бойынша ұсыныс енгізілетін болады", - деді ол.

Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі SIM-карталарды сатуда жаңа ережелер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!