Қызылорда облысында «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды заңсыз аулаған тұрғын ұсталды

19:22, 16 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

Ер адам Қызылорда облысы полиция департаментінің және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол "Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған.

Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес екі құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.


Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!