Атырауда есірткі таратумен айналысқан күдікті қылмыс үстінен ұсталды

19:44, 16 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында есірткі таратумен айналысқан күдіктіні қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 жастағы күдіктінің жалдамалы пәтерін тексеру барысында салмағы 100 грамм, яғни 200 дозаны құрайтын мефедрон есірткі заты тәркіленді.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс тіркеліп сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!