Алматыда жүрген Илон Масктың анасына бір пысықай баласының тұсауын кестіріп алды
© Сурет: Instagram/mayemusk
Канадалық-оңтүстік африкалық модель, әлемдегі ең бай адамдардың бірінің анасы Мэй Маск Алматыда жүр. Бүгін әлеуметтік желіде оның қазақы дәстүрмен қыз баланың тұсауын кесіп жатқан сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қонақ үйлердің бірінде түсірілген миллиардер Илон Масктың 76 жастағы анасының видеосымен Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева бөлісті.
Видеодан Мэйдің қазақтың ұлттық киімін киген кішкентай қыздың тұсауын кесіп жатқанын көруге болады. Содан кейін ол сәбидің қолынан ұстап, ақ жайма үстімен алып жүреді. Баланың туыстары миллиардердің анасының иығына кейіннен шапан жауып, қолына ұлттық зергерлік әшкейлер тақты.
"Мэй Маск "тұсау кесер" рәсімін атқарды. Бақытты сәби", деп жазды Қарашаш Жүзеева өзінің Instagram-Stories-те 2024 жылдың 16 қазанында жарияланған видео сипаттамасына.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:20, 17 қазан 2024
Қазақстанда TikTok бұғатталуы мүмкін бе
-
18:57, 17 қазан 2024
Сарапшы-маман тағам қабы сыртындағы жазуды тексеру неге маңызды екенін түсіндірді
-
18:36, 17 қазан 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
-
18:25, 17 қазан 2024
БАӘ-де 1500-ге жуық қазақстандықтың баспанасы бар. Олардың барлығы тексерілетін болады
-
17:56, 17 қазан 2024
Бір рет өліп-тірілген әйел о дүниеде не көргенін айтты