Алматыда базар маңында болған ірі жол апатының мән-жайы белгілі болды

21:50, 16 қазан 2024

© Фото: zakon.kz

116 қазанда Алматыдағы Жұмабаев көшесінің оңтүстігіндегі Солтүстік айналма көшесінде "Кенжехан" базарының қарама-қарсы жерде ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.

Кешке қарай кептеліс кезінде көліктер көп жиналған.

Алдын ала болжам бойынша, көп тонналық Freightliner жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Екі "Газель", Mercedes Atego, Hyundai Santafe, Toyota Camry және Daewoo Damas соғылған.

Оқиға салдарынан "Газельдің" жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Олар ешқандай ауыр жарақат алмаған, дәрігерлер тексеріп болғаннан кейін оқиға орнына қайта оралды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!